
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруды жалғастырады.
2025 жылға арналған жалпы қаржыландыру көлемі – шамамен 44 млрд теңге.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым капиталын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие қаражатын ұсыну арқылы кәсіпорындарды қолдау.
Қаржыландыру шарттары:
- Қаржыландыру сомасы: 3 млрд теңгеге дейін (бағытына байланысты);
- Несие мерзімі: 2026 жылғы 10 наурызға дейін;
- Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 5 % (ЖТСМ – 5 % бастап);
- Кепілмен қамтамасыз ету:
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның кепіл саясаты талаптарына сай келетін мүлік.
Қаржыландыру бағыттары:
Ет, сүт, майлы дақылдар, жүнді өңдеу,
ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем,
жарма, макарон және кондитерлік өнімдерді өндіру.
Маңызды шарт:
Жобалар бойынша шикізат тек отандық өндірушілерден сатып алынуы тиіс.
Кеңес алу және өтінім беру үшін
облыстардағы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарына жүгініңіз.
Қосымша ақпаратты Agrokredit.kz сайтынан ала аласыз.
Call-орталық нөмірлері:
- 5353 – Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін
- 8 775 007 68 07 – Tele2 және Altel абоненттері үшін
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastyz-selhoz/press/news/details/1029537?lang=kk

Жауап қалдыру