Астанада IV Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен Елорда күні қарсаңында ұйымдастырылған IV Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аустрия, Грузия, Испания, Англия, Перу, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Тайланд мемлекеттері мен Қазақстанның қуыршақ театрлары қатысқан өнер мерекесі жоғары деңгейде өтті.

Фестивальдің қорытындысы бойынша «Театрдың алтын коллекциясы» номинациясы Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрына,«Салт-дәстүрге құрылған үздік қойылым» номинациясы Хоссе Наварро театрына (Англия, Перу), «Үздік көрермендер көзайымы қойылымы» Тайланд театрына MISS PIEWNAM, «Үздік көлеңкелі театр қойылымы» номинациясы Түркияның KARAGOZ театрына, «Үздік ер адам рөлі» Солтүстік Қазақстан облысы қуыршақ театрының актері Алексей Васильевқа, «Үздік әйел адам рөлі» CIRCUS PUPPET THEATRE актрисасы Gordula Nossek-ке (Аустрия), «Үздік актерлік дуэт» Маңғыстау облыстық қуыршақ театрына, «Үздік қуыршақшы» ZAFRA THEATRE актері BY ANTONY ZAFRA-ға, «Үздік актерлік ансамбль» Шымкент қалалық қуыршақ театрына, «Үздік шоу бағдарлама» Шыңжың дәстүрлі қуыршақ театрына (Қытай) SHENZHEN PUPPET THEATRE, «Үздік режиссерлік жұмыс» Боржомилік қуыршақ театрына (Грузия), «Үздік дәстүрлі қойылым» Өзбекстан ұлттық қуыршақ театрына, «Үздік балалар қойылымы» Ақмола облыстық драма театрына, «Кішкентай көрермендерге арналған үздік қойылым» Бұхара қаласының қуыршақ театрына (Өзбекстан) бұйырды.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұловқа Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Амангелдіге және Англия, Перу елдері атынан келген «Хоссе Наварро» театры ұжымының басшысы Хоссе Наварро мен Бэлла Марготқа арнайы диплом табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1030361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді