ОНОМАСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚОЗҒАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Атен Медет Қайратұлы «Ономастиканың өзекті мәселелері» тақырыбында Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелерімен, ауылдық округ әкімдерімен, бас мамандарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ономастика саласының Заңнамаларын, бекітілген жол карталарын, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне, объектілерге атау беру, қайта атау, мағынасы жағынан ескірген атауларды қалпына келтіру мәселелері түсіндіріліп, объектілерге, көшелерге кісі есімін бергенде өте мұқият болу, үлкен жауапкершілікпен қарау керек екендігі айтылды.

«Ұлттың сипаты ең алдымен оның тілі мен ономастикалық атауларынан көрінеді» деген бөлім басшысы ономастикалық атауларды бір жүйеге келтіруде әлі де шешімін таппаған мәселелер бар екенін алға тартты.

Кездесу барысында ономастикаға қатысты қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1030274?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді