
2025 жылдың 4 шілде күні Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында Абай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ «Мемлекеттік корпорациясы» Абай облысы бойынша филиалы АХАТ басқармасының басшысы Диляра Чайжунусова қатысуымен ZOOM платформасы арқылы Абай облысы бойынша қалалық және аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің басшыларына шетел азаматтарының балаларының туу туралы акт жазбасын қалпына келтіру тақырыбында семинар өткізілді.
АХАТ бөлімінің басшыларымен 184 б. «Неке (ерлі-зайыптық) және отбасы» Кодексімен бекітілген «Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру» нормалары қарастырылды.
Тууды қалпына келтіруді тіркеу кезінде «Неке (ерлі-зайыптық) және отбасы» Кодексімен, Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерін күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын сақтау.
Семинардың мақсаты: шетел азаматтарының балаларының тууын қалпына келтіру тәртібі мен заңдылығын сақтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1030021?lang=kk

Жауап қалдыру