Алматы облысында браконьерлік фактісі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 3-шілде Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты аумақта Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне бағынысты «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мемлекеттік инспекторлары рейдтік бақылау жүргізу барысында түнгі сағат 00:45 шамасында аумақтан белгісіз көлікті анықтаған. Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында автокөліктен бір дана (қарақұйрыққа ұқсас) жануардың ұшасы, бір дана аңшылық мылтық, бір дана жарық беру құралы мен бір дана пышақ табылды.
Аталған факт бойынша Балқаш аумақтық полиция бөлімшесінде ҚР ҚК 337- бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1030213?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді