
Форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Асхат Аймағанбетов, Темір Қырықбаев, Нұрсұлтан Байтілесов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, мәслихат депутаттары, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, ауылдық округ әкімдері, облыстық партия филиалының жауапты өкілдері мен аумақтық партия филиалдарының жетекшілері қатысты.
Осы орайда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы М.Көкенов баяндама жасады. Баяндама төмендегі тақырыптар төңірегінде жасалды.
- Жергілікті бюджет бойынша анықталған болжамдық қосымша кіріс көздері;
- Жеке кәсіпкерлердің мүліктері мен олардың жалдамалы жұмысшылары;
- Облыс аумағында орналасқан мүліктерін қайта бағалау жұмыстары;
- Жалдамалы жұмысшылардың 2023 -2024 жылдар аралығындағы СЕН салық төлемдері туралы;
- Жеке тұлғалардың көлік салығы;
- Жеке тұлғалардың жер және мүлік салықтары;
-Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түркістан облысының бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында 2025-2026 жылдары қосымша кіріс көздерін анықтау» мақсатында облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы мен бекітілген жол картасы аясында, облыс әкімдігіне қарасты басқармалар, сондай ақ, аудан әкімдері мен бірлесіп, уәкілетті органдарда тіркелген салық салу объектілерін түгендеу, жылжымайтын мүліктерді қайта бағалау, салық төлеушілердің бизнестерін облысқа тіркету мен кірістерін артыру мақсатында сұхбаттасу мен тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Осы аталған жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты қадағаланып, бекітілген іс-шара бойынша жалғасын таба бермек . – деді баяндама соңында.
Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1030195?lang=kk

Жауап қалдыру