Атырау облысында полиция 16 келі қарасора өсірген аудан тұрғынын анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі өсірумен айналысқан Индер ауданының тұрғынын ұстады. Тінту кезінде тұрғылықты мекенжайынан 16 келі қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасаған деп есептелмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1030109?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді