
Безгек: жағдай және алдын алу
Әлемде безгек — әлі де өзекті мәселе. 2024 жылы 83 елде 263 млн жағдай тіркеліп, 597 мың адам қайтыс болды. Негізгі ауыртпалық — Африка елдерінде.
Таралу себептері:
- Климаттың өзгеруі
- Денсаулық сақтау қолжетімсіздігі
- Әскери қақтығыстар
- Қаржы тапшылығы
- Масалар мен адамдар арқылы таралу
Белгілері:
Қызба, бас ауруы, қалтырау, ауыр түрінде — құрысулар, демікпе.
Қауіп тобында:
Балалар, жүкті әйелдер, саяхатшылар, АИТВ/ЖИТС-пен ауыратындар.
Алдын алу:
- Масалардан қорғану (тор, репеллент, жабық киім)
- Дәрігер кеңесімен алдын ала дәрі қабылдау
- Ерте анықтап, уақтылы емдеу
Қазақстанда:
Безгекке күдікті науқастар тексеріледі.
Ауырғандар донор бола алмайды.
Шекарада профилактикалық нұсқама жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1029699?lang=kk

Жауап қалдыру