Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылдың 1-жартыжылдығындағы қызметі туралы есеп

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көрсетілген кезеңде Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге де, жеке тұлғаларға да жеке консультативтік көмек көрсетті. Кеңестер келесі мәселелерді қамтыды:
– Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы талаптарын сақтау
– Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі
– Департаменттің бос лауазымдарына арналған конкурстарға қатысу.
Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес, қызметкерлер үшін мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау мәселелері бойынша 3 семинар өткізілді.
Қызметкерлердің этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауы бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат Департаменттің веб-сайтында, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылды.
Есепті кезеңде Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында қызметкерлер тарапынан бұзушылықтарға қатысты материалдар анықталған жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1030112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді