
6 шілде — Ұлттық домбыра күніне орай Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақтың төл өнерін ұлықтауға арналған «Домбыра – дала киесі» атты танымдық флешинфо ұйымдастырылды. Шара мақсаты — оқырмандарды ұлттық музыкалық аспаптармен, дәстүрлі музыка өнерімен таныстырып, ұлттық құндылыққа деген құрметті арттыру.
⠀
Мерекелік кеш «Балбырауын» күйімен ашылып, көрерменге ерекше рух пен шабыт сыйлады. Бұл туындыны мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында жұмыс істейтін балалар домбыра үйірмесінің өрендері орындады.
⠀
Іс-шара барысында:
— Домбыра үйірмелері;
— «Нұр-ай» би тобы;
— «Інжу» өнер-білім орталығының жас өнерпаздары өнер көрсетті.
Олардың әрбір орындауы ұлттық өнердің өміршеңдігін дәлелдегендей болды.
⠀
Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері дайындаған «Домбыра – дала киесі» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Онда домбыраның шығу тарихы, түрлері, ұлттық музыканың маңызы туралы кең ақпарат берілді.
⠀
Шара соңында шырқалған патриоттық ән көрермендерді рухтандырып, ұлттық мерекенің мәнін тереңдете түсті.
⠀
Бұл шара – домбыра үнімен көмкерілген рухани кеш қана емес, жас буынды ұлттық өнерге баулудың жарқын көрінісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1029901?lang=kk

Жауап қалдыру