
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі сараптамалық кеңес сарапшысы “ALGA GROUP” – заң кеңсесінің бас директоры Амантаева Алия Алгабекқызымен бірге Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-на бару жүргізіп, науқастардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында науқастардың палаталарының жағдайы мен жай-күйі, медициналық қызметтер сапасы зерделенді.
Сонымен қатар науқастарға берілетін тағамдар тексерілді. Бару нәтижесімен ұсынымдар тағайындалып, құзырлы органдарға жіберілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1030250?lang=kk

Жауап қалдыру