
Қаланың оңтүстік жағында, Школьный тұйық көшесінде қаланың көлік инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жол жұмыстары басталғанын хабарлаймыз.
Жұмыстар барлық техникалық нормалар мен стандарттарды сақтай отырып, бірнеше кезеңде жүргізіледі. Мердігерлік ұйым-белгіленген тәртіппен іріктеуден өткен мамандандырылған компания.
Жөндеу іс-шараларын жүргізу кезеңінде тиісті учаске бойынша қозғалысты уақытша шектеу мүмкін. Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, мұқият болуды және белгіленген белгілерді ұстануды сұраймыз.
Ынтымақтастық пен түсіністік үшін рахмет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-esil/press/news/details/1029611?lang=kk

Жауап қалдыру