Ұлттық домбыра күніне орай өнер иелеріне домбыра табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін Елорда күні мен Ұлттық домбыра күніне орай “Атамекен” өнер ордасында салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Қос мерекені ұштастырған жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, айтулы күндермен құттықтады.
– Биыл бұл қос мереке қатар келіп отыр. Бұл – жай сәйкестік емес, тамыры тереңге бойлаған тарихымыз бен жарқын болашағымыздың сабақтастығын білдіретін ерекше сәт, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.
Мерекелік шара аясында Батыс Қазақстан өнері мен мәдениетінің алтын арқауына айналған кәсіби өнер ұжымы – Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның 58-ші концерттік маусымының жабылуы өтті.
Өңір басшысы ұлттық өнерімізді насихаттап, төл мәдениетімізді ұлықтап жүрген өнер иелеріне алғысын білдіріп, филармонияның кәсіби екі ұжымы – Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі мен Шамғон Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрінің домбырашыларына қасиетті домбыраны салтанатты түрде табыс етті.
Кеш соңында облыстық филармонияның дәстүрлі концерті ұсынылып, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1030518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді