Қызылорда қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірі – Aray City Mall аумағында орналасқан балалар ойын-сауық аймақтары мен тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
⠀
👩🚒 Құтқарушыларымыз қызметкерлерге алғашқы әрекеттер, эвакуация тәртібі және өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдері жөнінде нұсқаулықтар берді.
⠀
🎯 Мақсат – көпшілік жиналатын орындарда қауіптің алдын алу және балалар мен ата-аналарға қауіпсіз орта қалыптастыру.
⠀
🔥 “Қауіпсіздік – әрбір әрекеттен басталады, өртке жол бермейік!”
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1030604?lang=kk

Жауап қалдыру