Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Родина ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Родина а.

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Родина ауылына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аудан басшысы ауыл аумағында іске асырылып жатқан жобалармен танысты. Бұл туралы ауылдық округтің әкімі Саят Калиев пен «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр жан-жақты ақпарат берді.

Ең алдымен аудан әкімі «Родина ауылындағы аула аумақтарын абаттандыру» жобасының құрылыс алаңында болды. Жоба аясында заманауи ойын жабдықтарымен жабдықталған балалар ойын алаңы, теннис корты, футбол және волейбол алаңдары, воркаут алаңы, көгалдандыру, сыртқы жарықтандыру жүйелерін орнату және аулаларды абаттандыруға  көзделген. Сонымен қатар, агрофирма қолданыстағы шаруашылық нысандарды киім ауыстыратын бөлмелерге, санитарлық тораптарға және спорт жабдықтарын сақтайтын қоймаларға қайта жабдықтауды жоспарлап отыр. Абаттандырылатын аумақтың жалпы көлемі 27 мың шаршы метрден асады.

Сапардың келесі нысаны – «Родина» агрофирмасының қызметкерлері мен бюджет саласы қызметкерлеріне арналған екі қабатты тұрғын үйлер құрылысы. Бүгінде ауыл шаруашылығы кәсіпорны 13 заманауи үй салып, 14-үйдің құрылысын жалғастыруда. Иван Сауэрдың айтуынша, ескі үйлер тұрғындардан сатып алынып, олардың орнына жаңа екі қабатты үйлер салынып, тұрғындарға жайлы пәтерлер беріледі.

Сонымен қатар, Дарын Сабырғалиұлы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен және Иван Адамович Сауэрдың бастамасымен салынып жатқан әскери-тарихи музейге барды. Ашық экспозициялық алаңда 23 бірлік әскери техника – шынжыр табанды және дөңгелекті бронетехника, артиллериялық қондырғылар, ұшақтар мен тікұшақтар орналастырылған. Жақын арада жүзу құралын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта музей кешенінің бір бөлігі болатын жабық павильон құрылысы аяқталуға жақын. Бұл орталық жастарға патриоттық тәрбие беретін мәдени орын болмақ.

Сапар соңында аудан әкімі ұзындығы 3,3 шақырымды құрайтын көше-жол желісі мен аулаларды күрделі жөңдеу жобасымен танысты. Жобаның бас мердігері – «KZ EXPO-2017» ЖШС. Жобаның бастапқы кезеңінде агрофирма 200 млн теңге көлемінде қаражат бөлген. Аталған жоба аясында 128 көше шамдары орнатылатын болады.

Родина ауылына жасалған жұмыс сапары аясында ауданның ірі агрокәсіпорнының белсенді инвестициялық және әлеуметтік ұстанымын, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің маңыздылығын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1029504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді