
Павлодар облысы Педагогикалық этика жөніндегі кеңестің
2025 жылғы II тоқсандағы қызметі туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Департамент Педагогикалық этика жөніндегі кеңестің екі отырысын өткізді.
Отырыстарда педагогтар мен мектеп және колледж басшылары тарапынан педагогикалық этика нормаларын бұзуға қатысты азаматтардың өтініштері қаралды. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 15-бабының 10-тармағын бұзу мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл тармақ педагогті «кәсіптік қызметіне байланысты білім беру ұйымынан тыс жерде өзіне мәлім болғандарды қоса алғанда, кәмелетке толмағандар жасаған не оларға қатысты жасалған қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) фактілері туралы құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына дереу хабарлауға» міндеттейді.
Өткізілген отырыстар барысында барлық мәселелер мұқият қаралды. Екі өтініште көрсетілген фактілер дәлелденді және, өкінішке орай, педагогтар кінәлі деп танылды.
Қарау қорытындысы бойынша Павлодар ауданының білім бөліміне және Білім басқармасына облыстың білім беру ұйымдарының басшылары арасында ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының талаптарын және педагогикалық этика нормаларын қатаң сақтау бойынша жүйелі негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ осы мәселені үнемі бақылауда ұстау ұсынылды.
Соңғы уақытта педагогтар мен білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын және педагогикалық этиканы бұзу фактілерінің жиілеуіне байланысты, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, педагогтың міндеттерінің бірі – «педагогикалық әдепті сақтау» екенін еске саламыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық этика қағидаларының 2-тарауы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, «педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары: жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу» болып табылады. Бұл дегеніміз, педагог білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) және кәсіптік назарының объектісіне айналатын барлық адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, олармен қарым-қатынаста ұстамдылық танытуға міндетті. Педагог баланың дамуына шын жүректен тілектес болып, оған әрқашан көмекке келуге дайындығын көрсетеді, білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке тұлғалық өсуіне ықпал ету мақсатында оның жетістіктерін (сәтсіздіктерін) бағалауда ұстамдылық танытады.
Білім беру процесіне қатысушыларға қатысты физикалық, моралдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға қатаң тыйым салынады.
Педагогикалық этиканы бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес педагогке тәртіптік жауапкершілік жүктейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1029318?lang=kk

Жауап қалдыру