Құрметті жерлестер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер!

 

Сіздерді Астана күні және Домбыра күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Қасиетті қара домбыра халқымыздың мыңжылдық мәдени мұрасын әйгілесе, елордамыз – Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашаққа ұмтылысының көрінісі»

Астана — тәуелсіздігіміздің тірегі, ел болашағының символы, халықтың бірлігі мен күшінің көрінісі. Елордаға деген сүйіспеншілік — туған жерге құрмет.

Домбыра күні — рухани жаңғырудың мерекесі. Домбыра — халықтың даусы, тарих пен мәдениетті жеткізер қасиетті мұра. Оның үні — қазақтың жаны, даланың тынысы. Бұл күн өнер мен тамырларымыздың маңыздылығын еске салады.

Осы мерекелер — халықтың жарқын болашаққа сенімді қадамы. Сіздерге денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік пен келісім тілеймін! Елорда әрдайым бейбітшілік пен шабыттың орталығы болсын!

 

Құрметпен, Зеренді ауданының әкімі Әсет Асылбекұлы Құрманғожин.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1030537?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді