ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру аясында және «Астана күні» мерекесіне орай, «Жемқорлықсыз болашақ!» ұранымен ересектер арасында волейболдан Түркістан облысының ашық біріншілігі өтті. Аталған турнир Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Жарысқа өңірдің әртүрлі аймағынан жиналған 8 команда қатысты. Спорттық бәсекенің мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды жемқорлыққа қарсы мәдениетке баулу.
Турнирдің ашылу салтанатына волейболдан халықаралық дәрежедегі төреші, дене шынықтыру және спорт саласына ұзақ жылдар еңбек сіңірген, бөлім басшысы қызметін атқарған Айдарбеков Қуатбек Исламбекұлы және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан арнайы келген Есалиев Ахан қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі» командасы жеңіп алса, ІІ орынға «Түркістан жастары» командасы ие болды, ал ІІІ орынды Шымкент қаласынан келген Сайрам командасы қанжығасына байлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1030546?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді