АРМАН АБДУЛЛАЕВ: БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМДІ, ӘРІ МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ТЕК ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ИГЕРУ ҚАТАҢ ТАПСЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен бюджеттік комиссияның отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары  және дербес бөлім басшылары қатысты.

 

Күн тәртібінде «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу» мәселесі қаралды. Жиында  аудандық бөлімдер мен мекемелердің  бюджеттік өтінімдері мен қаржылық қажеттіліктері егжей-тегжейлі талқыланды.

 

— Мемлекеттік қаражаттың әр теңгесі тиімді жұмсалып, ашық әрі әділ тетіктермен бөлінуі керек. Бұл — заң талабы ғана емес, ел алдындағы жауапкершілік деп, атап өтті аудан әкімі.

Комиссия отырысында бюджет қаражатын қажет ететін шығыстар егжей-тегжейлі пысықталды. Сала басшыларына бюджет қаржысын тиімді әрі мақсатты түрде тек заң шеңберінде игеру  қатаң тапсырылды. Мемлекеттік сатып алулар үдерісін жіті  қадағалау аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабуловқа жүктелді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1031180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді