Астанадағы саябақта кітап алмасу мен экологиялық бастамаларды қамтыған QALA FEST фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорда күніне орай қаладағы «Жетісу» саябағында QALA FEST фестивалі өтті.

Фестиваль аясында кітап алмасу ұйымдастырылған кітап жәрмеңкесі өтті. Келушілер қазақ тілінде 500-ге жуық кітап әкелді. Олардың басым бөлігі – қазақ әдебиеті мен әлемдік классика туындылары.

«Жастар кітапты белсенді түрде оқиды. Бұл – олар үшін қызық. Кез келген кітабыңызды әкеліп, басқа кітаппен ауыстыруға болады», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының маманы Алуа Балтабаева.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында арнайы қабылдау автоматтары – фондаматтар арқылы пластик бөтелкелерді, алюминий банкаларды және басқа да бос ыдыстарды тапсыруға мүмкіндік болды. Оның орнына сыйлықтар, бонустар, купондар мен тауарлар және қызметтерге жеңілдіктер берілді.

«Қалада мұндай фондаматтар көп. Бұл – кәсіпкердің жеке бастамасы. Арнайы мобильді қосымша бар. Телефоныңызға жүктеп, нөміріңізді енгізесіз, содан кейін бонус аласыз. Оны жанармай құю бекеттерінде немесе басқа тауарлар мен қызметтерге жұмсауға болады», – деді экожаттықтырушы Марьям Қасымова.

Кейін бұл пластиктер сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарына жеткізіледі.
QALA FEST фестивалі ашық аспан астындағы мерекелік концертпен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-zhastar/press/news/details/1031279?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді