
2025 жылғы шілде айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгі кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз зор жетістікке қол жеткізді!
⠀
Алмас Әли — 41 кг салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды!
⠀
Бұл – жас спортшының тынымсыз еңбегі мен бапкерлер құрамының кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
⠀
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жеңімпазымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да сәттілік пен жарқын жеңістер тілейді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sport/press/news/details/1031213?lang=kk

Жауап қалдыру