👷🏻‍♂️🌊МӘРТЕБЕСІ АРТҚАН МАМАНДЫҚ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған күннен сала мамандарының мәртебесін көтеруге және еңбек жағдайын жақсартуға айрықша назар аударып келеді.

     Мемлекет басшысы «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасына қол қойды. Бұл су саласындағы 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын энергетика саласы мамандарының деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік берді.

    «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Отбасы банк» арнайы ипотекалық бағдарламаны іске қосты.

     Жыл басынан бері «Қазсушардың» 279 маусымдық қызметкері тұрақты жұмыспен қамтылды. Жақын арада тағы 146 адам тұрақты жұмысқа қабылданады.

      Биылдан бастап су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан мамандарға «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік атағы беріледі.

     Былтыр «Қазсушардың» 500-ден астам қызметкері арнайы оқу орталықтарында біліктілігін жетілдірді. Биыл министрлік бұл көрсеткішті екі есеге арттыруды көздеп отыр.

     Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қытайлық Power China компаниясы арасында жасалған келісім бойынша қазақстандық су саласының мамандары көрші елде біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр. Қазірдің өзінде 60 қызметкер оқуды аяқтады, жыл соңына дейін тағы 60 маман Қытайда біліктілігін арттырады.

     Бұдан бөлек, қазақстандық мамандар АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдерде біліктілікті арттыру курстарынан өткенін атап өткен жөн.

     2024 жылы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Қазіргі таңда онда 200-ден астам студент білім алып жатыр.

     Биыл өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны 4 есе ұлғайды.

      Су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсарту үшін министрлік «Қазсушардың» барлық филиалына жаңа техника сатып алып жатыр.
Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдары жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 439-ын алды.

https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5510

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1031911?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді