
2025 жылғы 4 шілдеде Абай облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасының орынбасары Жанжігіт Омархан төрағалық етті.
Күн тәртібінде 2024 жылға арналған Жол картасына сәйкес, жергілікті қауымдастық жиналыстарының шешімдері мен тұрғындардың ұсыныстары негізінде Аягөз, Жарма және Үржар аудандарындағы бірқатар көшелерге атау беру мәселесі қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша, Жарма және Үржар аудандарындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген 6 көшеге жаңа атаулар беру туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер елді мекендердің тарихи-мәдени келбетін жаңғырту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1031869?lang=kk

Жауап қалдыру