Астана күні: «Толағай» алыптар сайысының жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана күніне арналған мерекелік шаралар аясында елорда іргесіндегі «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің ашық алаңында дәстүрлі республикалық «Толағай» алыптар сайысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елдің түкпір-түкпірінен іріктеліп келген ең мықты 13 жігіт бес түрлі сыннан өтіп, күш-қайраты мен шыдамдылығын көрсетті.
Тартысқа толы жарыстың нәтижесі:
1-орын: Азамат Мақұлбеков (Түркістан облысы);
2-орын: Евгений Инкин (Алматы қаласы);
3-орын. Бағлан Мырзатай (Түркістан облысы).

«Өткен жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында осы алыптар сайысында чемпион болдым. Биыл осы алыптар сайысы үшінші мәрте болып жатыр. Жақсы дайындықпен келдім. Жаттығуда белді, аяқты көп іске қосамын. Бұл енді шыдамдылықты талап ететін ойын», – деді чемпион атанған Азамат Мақұлбеков.

Айта кетерлігі, жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп, абыройы артып келе жатқан бұл дүбірлі дода Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елорда төрінде биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1031451?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді