
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аудан көлемінде жеке тұрғын-үй құрылысын жүргізуге берілген жер телімдеріне бүгінгі күнгі дейін атқарылған жұмыстары күн тәртібіне шығарылды.
Кеңеске аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы және аудан активі қатысты.
Кеңесте аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Ақбастау, Айшабибі ауылдық округінің әкімдері баяндама жасады.
Жалпы 2021 жылдың соңында 6 елді мекенде, атап айтқанда Бірлесу-Еңбек, Тастөбе, Айшабибі, Бектөбе, Қызылқайнар, Шәкен Ниязбеков ауылдарында барлығы 1053 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға таратылды. 2022 жылы Аса ауылында 811 жер телімі таратылды. Барлығы 1864 жер телімі.Бүгінгі күнге аталған жер телімдерінде 1069 тұрғын үй ғана құрылысы басталған. Ол дегеніміз 57,35 % ғана құрайды.
Аудан басшысы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, жер иелеріне Заң аясында 3 жыл көлемінде үй құрылысын бастау қажеттігін кеңінен ақпараттандыру керектігін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1031889?lang=kk
Жауап қалдыру