Құрметті азаматтар!
Прокуратура су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі екенін ескертеді.
Жаз мезгілінде судағы оқыс оқиғалар, оның ішінде балалардың қатысуымен болатын қайғылы жағдайлар күрт көбейеді. Мұндай жағдайлардың негізгі себептері мыналар:
- Арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылу;
- Балаларды қараусыз қалдыру;
- Масаң күйде суға түсу;
- Қарапайым сақтық шараларын сақтамау.
Төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 құтқару қызметіне хабарласыңыздар.
Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1031446?lang=kk
Жауап қалдыру