
Кентау қаласының бас жоспары Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/236-VII шешімімен бекітілген және оны «ARGHIBUILD GROUP» ЖШС әзірлеген.
Бас жоспардың басты мақсаты — 2040 жылға дейін Кентау қаласының 10869 гектар аумағының әлеуметтік, экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын жүйелі дамыту.
Бас жоспар мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:
- Табиғи жағдайлар мен ресурстар
— Қала орналасқан географиялық, климаттық, экологиялық жағдайлар зерттелген. - Қала дамуының экономикалық негіздері
— Аймақтың өндірістік, инвестициялық және экономикалық әлеуеті ескерілген. - Халық және жұмыс ресурстары
— Халық санының өсу болжамы, еңбекке қабілетті тұрғындар, жұмыс орындарын құру мәселелері қарастырылған. - Әлеуметтік инфрақұрылым
— Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының құрылысы мен жетілдірілуі. - Аумақты сәулеттік-жоспарлау ұйымдастыру
— Тұрғын, өндірістік, қоғамдық аймақтардың орналасу құрылымы, аймақтарға бөлу шешімдері. - Көлік және көше-жол желісі
— Қалалық және қала маңы көлік инфрақұрылымының дамуы, жолайрықтар мен көлік тораптары. - Аумақты инженерлік дайындау
— Жер бедерін өңдеу, су бұру, жер асты суларының деңгейін бақылау шаралары. - Инженерлік қамтамасыздандыру
— Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электрмен, жылумен, газбен қамтамасыз ету жүйелерінің жаңғыртылуы мен кеңеюі. - Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер
— Қала халқының саны, құрылыс көлемі, көлік жолдарының ұзындығы, инженерлік желілердің қуаттылығы және т.б. нақты көрсеткіштер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1031842?lang=kk
Жауап қалдыру