
2025 жылғы 2 маусым мен 2 шілде аралығында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен «Көркем тіл, көрікті өңір» атты облыстық айлықтың екінші кезеңі нәтижелі өткізілді.
Бұл шара Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес жүзеге асырылды. Айлықтың басты мақсаты – деректемелер мен көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің талапқа сай, сауатты қолданылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірдегі тіл мәдениетін дамыту болды.
Аталған кезең аясында облыс бойынша кәсіпкерлік нысандарда орналасқан жарнамалар, көрнекі ақпараттар, ас мәзірлері мен бақылау-касса машиналарының чектері Тіл туралы заң талаптарына сәйкестік тұрғысынан жан-жақты 76 рет тексерілді.
Мониторинг нәтижесінде 611 нысан қамтылып, олардың ішінен 63 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Анықталған заңбұзушылықтардың 26-сы жойылып, 30 кәсіпкерге мемлекеттік тіл нормаларын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған бұл бастама – тіл мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі. Айлық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1031885?lang=kk
Жауап қалдыру