Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу мырзамен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Италия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі серіктестерінің бірі екені атап өтілді.

Италия бизнесінің энергетика, машина жасау, тау-кен металлургиясы және инфрақұрылым салаларындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысып жатқаны айтылды.

Кездесуде өндірісті жергіліктендіру, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту, сондай-ақ маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша, бірлескен өнеркәсіптік жобаларды дамыту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және технология алмасу бағыттарында жүйелі жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1031993?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді