
– Аталған кезеңде полицейлер есірткінің заңсыз айналымы желісі бойынша жедел жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды. Нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымы саласында 24 құқық бұзушылық тіркелді, 13 факті бойынша қылмыстық істер қозғалды. Заңсыз айналымнан 73 килограмнан астам есірткі, оның ішінде синтетикалық шығу тегі – 2 килограмм тәркіленді,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов брифингте.
Спикер есірткінің бұл түрлерін таратумен, әдетте, “жеңіл ақша” тапқысы келетін және жасалған іс-әрекет үшін жауапкершіліктің барлық дәрежесін түсінбейтін жастар қатарындағы адамдар айналысатынын атап өтті.
Операцияны жүргізу кезеңінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жабайы қарасораның өсу фактілерінің жолын кесу бойынша бірқатар алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды және жүргізді, соның нәтижесінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді жоюға уақтылы шаралар қолданбағаны үшін төрт азамат жауапқа тартылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1031510?lang=kk

Жауап қалдыру