Қаржы нарығын құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануды болғызбау жөніндегі шараларды күшейту туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл 30 маусымдаМемлекетбасшысы «ҚазақстанРеспубликасыныңкейбірзаңнамалықактілерінеқаржынарығындамыту, қаржылық көрсетілетінқызметтердітұтынушылардыңқұқықтарынқорғау, байланысжәнеартықзаңнамалықрегламенттеудіболғызбаумәселелері бойынша өзгерістерментолықтыруларенгізутуралы»ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңына(бұдан әрі –Заң) қол қойды.

Заңда терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалардың қаржы нарығына қолжетімділігін шектеу жөніндегі шараларды күшейту көзделеді. Атап айтқанда, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғалардың сақтандыру брокерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін иеленуіне тыйым салуенгізіледі.

Заң Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, егер олар терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалардың тиісті тізбесіне енгізілген болса, сақтандыру брокерінің қатысушылары мен акционерлеріне қатысты қадағалау шараларын қолдану жөніндегі өкілеттіктер береді. Атап айтқанда, Агенттік олардан сақтандыру брокерлерінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін 10%-дан аз мөлшерге дейін азайтуды талап етуге құқылы.

Осығанұқсасшараларбанктерге,сақтандыруұйымдарынажәнеинвестициялықпортфельді басқарушыларға қатыстықолданылады.

Бұл тәсіл қаржы жүйесін құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланудан қорғауға бағытталған ФАТФ (Financial Action Task Force немесе Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) халықаралық стандарттары мен қағидаттарына сәйкес келеді.

Көрсетілген өзгерістер Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1031680?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді