2025 жылғы 9 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының жиналысы өтті.
Іс-шараға арнаулы , құқық қорғау, орталық мемлекеттік және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың басшылары қатысты.
Экстремизм профилактикасының жай-күйі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ жарылғыш заттар мен олардың прекурсорларын террористік мақсаттарда қолдануға жол бермеу шаралары қарастырылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/1031940?lang=kk

Жауап қалдыру