ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Мәртөк аудандық мәслихатының қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Тұрақты комиссияның жұмысына аудан әкімі Медет Ысқақов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің құрылымдық бөлім басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.
Комиссияда «Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Мәртөк ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер туралы» мәселелер қаралды.
Барлық ақпараттар талқыланып, баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойылып, депутаттар тиісті қаулылар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/1031922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді