Алмалы ауданында зейнеткерлермен әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алмалы аудан әкімдігі ғимаратында – аудан зейнеткерлері мен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Серік Құрманғалиевтің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында зейнеткерлерге арналған әлеуметтік қолдау түрлері мен жеңілдіктер туралы кеңінен ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер зейнеткерлердің құқықтары мен әлеуметтік мүмкіндіктері жөніндегі ақпаратты нақты әрі түсінікті жеткізуге бағытталған.
Шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1032083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді