Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросының басшысы Эрик Мейермен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сындарлы маңызды пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Әсіресе жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығы, инвестициялық өзара іс-қимыл, технологиялық алмасу және екіжақты әріптестікті одан әрі кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр, Қазақстан  АҚШ-тың сындарлы минералдарының сенімді әрі қауіпсіз жеткізу тізбектерін қалыптастыруға бағытталған күш-жігеріне елеулі үлес қосуға дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ, еліміздің жоғары ресурстық әлеуеті, дамыған қайта өңдеу инфрақұрылымы және инвесторлар үшін қолайлы жағдайлардың бар екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделі екендерін растады және Минералдық ресурстар қауіпсіздігі жөніндегі әріптестіктік нығайтуға (MSP) , C5+1 халықаралық бастамалар форматындағы сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1032763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді