ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Когалы ауылдық округіне жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 09 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, Толамисов Амангелді Ғабділкәрімұлы, Сарыбаев Ғалиаскар Төлендіұлы Кербұлақ ауданының әкімі Есболатов Қанат Болатұлы, облыстық мәслихат төрағасы Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы, аудандық мәслихат төрағасы Бекиев Қайрат Ботайұлы, Қоғалы ауылдық округінің әкімі Б.Мәлікұлы қатысуымен Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.
Депутаттар таулардың етегінде орналасқан Қоғалы ауылының ауыз су каптажына барды. Алайда, Қоғалы ауылының су құбыры жүйесіне соңғы жөндеу жұмыстары 2010-2011 жылдар кезеңінде жүргізілгендіктен, бүгінгі күнге су құбыры жүйесінің тозуына байланысты күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін атап өтті .
Содан кейін Сенат депутаттары Қоғалы ауылының мәдениет үйіне барып, мәдениет үйі ұжымының жұмыс жоспарымен, ұйымның қызметімен және оның жетістіктерімен танысты. Үйірме жұмысын жүргізуде әдіскердің жұмысын бағалап өтті..
Сондай-ақ, Сенат депутаттары Қоғалы ауылындағы Панфилов атындағы мектепке барып, мектептің үздік жетістіктерге жеткен түлектергедің стендімен, И.Панфилов стендімен танысты. Сонымен қатар мектептің материалдық-техникалық базасымен және жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты. Панфилов атындағы мектепте 350 оқушы білім алады. Мектепті күрделі жөндеу 2019 жылы жүргізілді.
Бұдан әрі «Рамазан» шаруа қожалығының 633 гектар егістік жерлерін аралап, шаруашылықтың жағдайымен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-kogaly/press/news/details/1032193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді