Родников ауылында жастармен «Заң мен тәртіп», «Құқықтық қоғам құру» және «Жемқорлыққа қарсы» жұмысы жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Родников ауылында учаскелік полиция инспекторы Сәкен Жетпісбаевичтің қатысуымен жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында «Заң мен тәртіп», «Құқықтық қоғам құру» және «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыптарында ақпараттық парақшалар таратылды. Жастарға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, адалдық пен әділдік қағидаттары түсіндіріліп, жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері айтылды. Мұндай шаралар ауыл жастарының құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-rodnikov/press/news/details/1032216?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді