
Қасым Қайсенов кентінде Әжелер және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған “Ән падишасы” атты іс – шара өткізілді. Іс-шараға аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтмұхамед Ескенұлы, Қасым Қайсенов кентінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиұлы, Мүгедектер қоғамының төрағасы Қайырхан Байгудинов және мүшелері Қайсенов Сайран, Абдугалиев Әділет қатысты. Іс – шара барысында Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны, әндерінің шығу тарихы және әндері айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1032142?lang=kk

Жауап қалдыру