ШАРДАРА: ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
10 шілде – Ветеринария қызметкерлері күніне орай, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ветеринария қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ауыл шаруашылығының дамуы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігі Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен тынымсыз еңбектеріңізге тікелей байланысты.
Салаға қосқан үлестеріңіз, жануарлар ауруларын алдын алу мен емдеу жолындағы ерен еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бұл салада кездейсоқ адамдар болмайды – тек адал, мейірімді, жауапты жандар еңбек етеді. Сіздерге мықты денсаулық, қажырлы қайрат, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен абырой тілеймін! – деді Ж.Бердешов.
Салтанатты шара барысында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан бірқатар сала қызметкерлеріне Алғыс хаттар табысталды.
Атап айтқанда, Айтмұратов Кәрім Орынбасарұлы, Мыңбатыров Бақытжан, Жумадиллаев Аскербек Адихамұлы, Бәкір Бақытжан Оразбекұлы, Өтепберген Бексұлтан Әсемұлы, Елкелді Айдана Нұрланқызы, Жарылқап Абылайхан Асқарұлы, Әбдіназар Ерқанат Құнанбайұлы, Ағман Сапарғали Махамбетұлы және Абдукаримов Айдос Ұлықбекұлы аудан әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1032771?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді