Талас ауданы аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«10» шілде күні Талас ауданы, Қаратау қаласының аумағында терроризмге қарсы Талас аудандық жедел штабымен «Талас-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуде.

Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

  

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1032271?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді