
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Жарқайың аудан прокуратурасы аудандық сотында әкімшілік іс бойынша, азамат Б. көлік құралын мас күйінде басқару фактісі бойынша ашық сот отырысын ұйымдастырды (ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі).
Азамат Б. қонақта алкогольдік ішімдіктер ішіп, содан кейін көлікпен дүкенге барар кезде, жол полициясы қызметкерлері тоқтатты, ол орташа дәрежелі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды.
Нәтижесінде азамат Б. көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Аудан прокуратурасы азаматтарды жолдағы саналы және жауапты мінез-құлыққа шақырады. Мұндай әрекеттер үшін заң қатаң жазаны қарастырады. Жолдардағы қауіпсіздік әркімнің жауапкершілігінен басталады.
Мас күйінде көлікті басқару ең қауіпті және жол берілмейтін құқық бұзушылықтардың бірі болып табылады, оның салдары қайтымсыз болуы мүмкін.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1032639?lang=kk

Жауап қалдыру