
Теміржолшылар әулетінің жалғастырушысы – Гүлмира Қазиева
Гүлмира Қазиева – Казиевка теміржол станциясының кезекшісі, еңбек өтілі 16 жыл. Ол – өз ісіне адал, жауапты және тиянақты маман ғана емес, сондай-ақ, 21 адамнан тұратын теміржолшылар әулетінің лайықты жалғастырушысы.
Бұл үлкен еңбек әулетінің негізін қалаған – Қазиев Жұмағали. Ол “Защита” станциясында аға жол жөндеуші болып 30 жыл қызмет атқарған. Сол кісіден бастау алған еңбек жолын бүгінде оның ұл-қыздары, келіндері, күйеу балалары мен немерелері жалғастырып, әр жылдары «Қазақстан темір жолы» жүйесінде еңбек еткен. Әулеттің жиынтық еңбек өтілі 650 жылдан асады – бұл көрсеткіш бірнеше буынның тынымсыз еңбегін білдіреді.
Гүлмира ата жолын абыроймен жалғастырып келеді. Ол – өз ісіне адал, ұқыпты, жауапкершілігі жоғары маман, әріптестері арасында үлкен құрметке ие жан. Жұмағали Қазиевтің немересі ретінде ол атасының есімін мақтанышпен айтып, сол кісінің еңбексүйгіштігі мен кәсібіне деген сүйіспеншілігін жүрегінде сақтап келеді.
Қазиевтер әулеті – кәсіпке деген сүйіспеншілік пен адалдық ұрпақтан ұрпаққа қалай жалғасатынының жарқын үлгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1032129?lang=kk

Жауап қалдыру