
«Жомарт түлек» жобасы аясында бірқатар нысандар салынып, ауыл ажарын аша түсетін аркада бой көтеруде. С.Шәкіров ауылында Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебімен 1985 жылы қоштасып, биыл 40 жылды өткеріп отырған ауыл азаматтары өздері білім алған алтын ұя мектебінің алдына арнайы төсеніш төсеп берді.
Ал, мектепті тәмәмдағанына 10 және 20 жыл толған азаматтар да мұндай айтулы кезде қарап қалған жоқ. Мәселен, 2015 жылы жас түлек атанғандар 1 млн. теңгеге жуық қаржыға ауылдың орталық көшесіне арнайы ескерткіш қойса, ал мектеп бітіргеніне 20 жыл толған азаматтар 1,5 млн. теңгеге соғыс ардагерлерін еске алуға арналған мәңгілік алау тұғырын қайта жаңғыртты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1032849?lang=kk

Жауап қалдыру