Бүгін Жарқайың ауданының орталық саябағында Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған сән-салтанаты жарасқан мерекелік шара өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Мереке таңғы велошеруден басталды. Қатысушылар қала көшелерімен жаттықтырушылар мен қауіпсіздік қызметінің сүйемелдеуімен жүріп өтті. Шеру соңында барлық қатысушыларға аудандық спорт бөлімінің атынан грамоталар табысталды.

🔹Саябақтағы амфитеатрда ауқымды «Домбыра PARTY» өтті. Ұлттық киім киген 100 домбырашы «Адай» мен «Сарыарқа» күйлерін орындап, көрермендерге ерекше рух пен әсер сыйлады.

🔹Салтанатты бөлімде Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, елге амандық, бірлік пен береке тіледі.

🔹Құттықтау сөзден кейін мерекелік бағдарлама жалғасын тапты: «Астанаға арнау» атты концерт, «Жарқайың сақасы» атты асық ату турнирі, кітап және көркемөнер көрмелері, театрландырылған қойылымдар, жастарға арналған ойындар мен түрлі белсенді шаралар өтті.

🔹Баршаңызды Астана күнімен және Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір шаңырақта күй төгіліп, бірлік пен шаттық, бейбіт өмір орнасын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1033092?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді