Инженерлік инфрақұрылымды дамыту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тукай, Диксон, Норильский, Поддубный, Зайсанская, Ақкербез және Кубеев көшелеріндегі инженерлік инфрақұрылымды дамыту.

Конкурс рәсімдерінің нәтижесі бойынша анықталған мердігер ұйым аталған көшелерде орталық коммуникация желілерінің құрылысын бастады.

Жоба аясында 22,5 км сумен жабдықтау желілерін және 1,7 км су бұру желілерін салу көзделген. Жобаны іске асыру нәтижесінде 1102 тұрғын үй орталық коммуникацияға қосылады.

Құрылыс-монтаж жұмыстары қазан айының соңына дейін жүргізіледі, жоба аясында асфальтобетон жабынын қалпына келтіру қарастырылған.

Жоба ішінара бұған дейін Маяк шағынауданында жұмыстар жүргізген мердігер ұйым бастаған көшелерді де қамтиды.

Қазіргі уақытта ол учаскелерде аудит аяқталу үстінде және желілерді аяқтау мен жолдарды қалпына келтіруге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар басталар алдында ойылған жерлер инертті материалдармен толтырылады.

Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Еске сала кетейік, сот процестері нәтижесінде Маяк шағынауданында желілер құрылысын жүргізген мердігер ұйым сот шешімімен адал емес мердігер деп танылған болатын.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1033105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді