Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау қаласы, 2025 жылғы 10 шілде – Бүгін Атырау облыстық әкімдігінде Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиын барысында балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау, аутодеструктисті мінез-құлықтың алдын алу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

Отырыс барысында үш негізгі мәселе қаралды:

Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қамтамасыз ету;

Балалар аутодеструктисті мінез-құлықтың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жұмыстары;

Өзге де мәселелер.

Комиссия мүшелері білім бөлімдері мен құқық қорғаушы органдарға бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде:

Ата-аналармен байланыс нығайту, жаппай жиналыстар ұйымдастыру;

Қорғаншылық және қамқоршылық мамандарын толықтыру;

Түнгі рейдтерді күшейту және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын қолға алу.

Отырыс қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар одан әрі күшейтілетіні хабарланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1033493?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді