КОЛЛЕДЖ – ТҮЛЕК – ЖҰМЫС БЕРУШІ: ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қаратау құрылыс – техникалық колледжінде дәстүрлі «Колледж – түлек-жұмысберуші» атты жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеде 8 мамандықтың 10 біліктілігі бойынша бітіруші түлектерді мүмкіндігінше жұмысқа орналастыру қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев еліміздегі кадр саясатына қатысты «Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды. Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті мәселе. Болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау қажет»,- деп атап өткен болатын.

Жұмыс берушілер үшін дайын, тәжірибеден өткен, кәсіби дағдысы қалыптасқан маман қажет. Осыған байланысты колледждер мен жұмыс берушілер арасында серіктестік орнауда. Көптеген мекемелер студенттерге өндірістік тәжірибе ұсыну арқылы өз кадрларын алдын ала таңдап, баулуға мүмкіндік алады.

Жәрмеңкеге жұмысшы мамандықтарын меңгерген студенттерге «Шолақтау» ТКӨК, «TalasInvestmentCompany» сияқты өндіріс орындарынан жұмыс берушілер шақырылды. Олар болашақ мамандарға кәсіптің қыр-сырын, жұмыспен қамтылған жағдайда қарастырылған мүмкіндіктер жайлы әңгімеледі.

     “Колледж – түлек – жұмысберуші” арасындағы байланыстың тиімді жүруі – сапалы маман даярлаудың кепілі. Бұл жүйе арқылы оқу орныда, түлекте, жұмыс берушіде ұтады. Ең бастысы – еңбек нарығында нақты сұранысқа ие мамандар көбейіп, ел экономикасының дамуына үлес қосады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1032853?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді