ӨКІЛ ҚЫЗЫЛОРДА ЭЛЕКТР ТАРАТУ ТОРАПТАРЫ КОМПАНИЯСЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының міндетін атқарушы Болат Досымовпен бірге «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы АҚ» ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында, Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтар, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы айтып өтті. Сондай-ақ, өңірдегі мемлекеттік және жеке меншік қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталу жайлы, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы, еңбек дауларының уақтылы шешілуі сияқты және бірқатар өзекті мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, Б. Досымов қызметкерлердің еңбек шартының маңыздылығы, оны міндетті түрде жазбаша түрде жасау қажеттігі және тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктеме берілді.

ҚР Еңбек кодексінің 24-бабына сәйкес, еңбек шарты жасалмаған жағдайда бұл қызметкердің еңбек құқықтарының бұзылуына алып келуі мүмкін. Кездесу барысында жұмыс уақыты мен демалыс тәртібі, еңбек шартының мерзімі және шартта міндетті түрде көрсетілуі тиіс басқа да маңызды талаптар кеңінен түсіндірілді.

Осыған орай, қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби кеңес алды. Бұл кездесу еңбек заңнамасының негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруге және жұмыс орнындағы әділдікті қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1033082?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді