
1. Әрбір адам осы Кодексте белгіленген тәртіппен бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз.
2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа адамдардың немесе белгісіз адамдар тобының бұзылған немесе даулы заңды мүдделерін қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Прокурор осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
3. Егер заңда дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі белгіленсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін берілуі мүмкін.
4. Оның келісімінсіз ол үшін заңда көзделген соттылық ешкімге өзгертілмейді.
5. Мәжбүрлеу
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1033076?lang=kk

Жауап қалдыру