Сенім құқығын қорғау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

1. Әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне деген сенімі Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.

2. Әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше белгілегенге дейін заңды және негізделген болып есептеледі.

3. Әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен қабылданған заңсыз әкімшілік акт, сондай-ақ Әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен жасалған заңсыз әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтырмайды.

4. Сенім құқығы заңсыз әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға негіз бола алмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1033070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді